Публичный договор на оказание услуг по вывозу твердых бытовых (коммунальных) отходов для физических лиц | Деловая неделя
17 ноября 2026 | выходит по пятницам | c 1992 года

Публичный договор на оказание услуг по вывозу твердых бытовых (коммунальных) отходов для физических лиц

15.10.2026 10:14:29
№: 37 (1671)

Жеке тұлғалар үшін қатты тұрмыстық (коммуналдық) қалдықтарды шығару жөнінде қызметтер көрсетуге арналған жария шарт

Публичный договор на оказание услуг по вывозу твердых бытовых (коммунальных) отходов для физических лиц

«Зелёный Город KZ» ЖК атынан Лесковская Диана Александровна

ИП «Зелёный Город KZ», в лице Лесковской Дианы Александровны

Алматы қ., 2026 жылғы « 16 » қазан

г. Алматы, « 16 » октября 2026 года

№ 2 редакция. «Деловая неделя» газетінде және газеттің dn.kz сайтындағы электрондық нұсқасында жарияланған

Редакция № 2. Опубликована в газете «Деловая неделя» и в электронной версии газеты на сайте dn.kz

Осы Шарт жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № KZ91UWQ05418136 хабарлама негізінде әрекет ететін Лесковская Диана Александровна өкілдік ететін «Зелёный Город KZ» ЖК-нің (бұдан әрі — «Қызмет беруші») Қызмет көрсетілетін үйлердегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері мен жалдаушыларына (пайдаланушыларына) — жеке тұлғаларға (бұдан әрі — «Тұтынушы») арналған жария шарты болып табылады.

Настоящий Договор является публичным договором ИП «Зелёный Город KZ», в лице Лесковской Дианы Александровны, действующей на основании уведомления о начале деятельности в качестве индивидуального предпринимателя № KZ91UWQ05418136 от 1 сентября 2023 года (далее — «Услугодатель»), адресованным физическим лицам — собственникам и нанимателям (пользователям) жилых и нежилых помещений в Обслуживаемых домах (далее — «Потребитель»).

Шарт Тұтынушының оған тұтастай қосылуы арқылы жасалады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабы). Тұтынушының Шарттың 7.2-тармағында көрсетілген әрекеттердің кез келгенін жасауы осы жария шарттың акцепті болып танылады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 396-бабының 3-тармағы) және Шарттың онда баяндалған талаптармен жасалуына әкеп соғады. Бұл ретте шарттың жазбаша нысаны сақталған деп есептеледі, Шартқа Тараптардың қол қоюы талап етілмейді (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 152-бабы, 396-бабының 3-тармағы).

Договор заключается путем присоединения Потребителя к нему в целом (статья 389 Гражданского кодекса Республики Казахстан). Совершение Потребителем любого из действий, указанных в пункте 7.2 Договора, признается акцептом настоящего публичного договора (пункт 3 статьи 396 Гражданского кодекса Республики Казахстан) и влечет заключение Договора на изложенных в нем условиях. Письменная форма договора при этом считается соблюденной, подписание Договора Сторонами не требуется (статья 152, пункт 3 статьи 396 Гражданского кодекса Республики Казахстан).

Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

Основные понятия, используемые в Договоре:

1) «Қатты тұрмыстық қалдықтар», «ҚТҚ» - қатты нысандағы тұрмыстық қалдықтар. Шарттың мақсаттары үшін «ҚТҚ» термині Қазақстан Республикасының Экология кодексінде қолданылатын «коммуналдық қалдықтар» терминімен барабар ретінде пайдаланылады;

1) «Твердые бытовые отходы», «ТБО» - бытовые отходы в твердой форме. Для целей Договора термин «ТБО» используется как равнозначный термину «коммунальные отходы», применяемому в Экологическом кодексе Республики Казахстан;

2) «Тұрмыстық қалдықтар» - елді мекендерде, оның ішінде адамның тыныс-тіршілігі нәтижесінде түзілетін тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты бойынша оларға жақын өндіріс қалдықтары;

2) «Бытовые отходы» - отходы потребления, образующиеся в населенных пунктах, в том числе в результате жизнедеятельности человека, а также отходы производства, близкие к ним по составу и характеру образования;

3) «Сұйық қалдықтар» - шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулар;

3) «Жидкие отходы» - хозяйственно-бытовые сточные воды;

4) «ірі габаритті қалдықтар» - тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан заттар болып табылатын, биіктігі, ені немесе ұзындығы 0,5 метрден асатын өндіріс және тұтыну қалдықтары (жиһаз, тұрмыстық техника, сантехника және басқа да ірі заттар);

4) «крупногабаритные отходы» - отходы производства и потребления, являющиеся предметами, утратившими свои потребительские свойства (мебель, бытовая техника, сантехника и другие крупные предметы), размеры которых превышают 0,5 метра в высоту, ширину или длину;

5) биологиялық қалдықтар - жануарлардың өлуі, ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен тірі организмдерге және биологиялық тіндерге (материалдарға) жүргізілген эксперименттер нәтижесінде түзілетін, сондай-ақ жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын жануар, өсімдік және минерал тектес материалдар, заттар, қалдықтар (жануарлардың өліктері, түсік тасталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары);

5) биологические отходы - материалы, вещества, остатки животного, растительного и минерального происхождений (трупы животных, абортированные и мертворожденные плоды, ветеринарные конфискаты, кормовые отходы), образующиеся в результате гибели животных, ветеринарной практической и научной деятельности и экспериментов с живыми организмами и биологическими тканями (материалами), а также возникающие в процессе деятельности объектов производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, организаций по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок;

6) медициналық қалдықтар - денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі процесінде түзілетін барлық сыныптағы қалдықтар;

6) медицинские отходы - отходы, образующиеся в процессе деятельности организаций здравоохранения, всех классов;

7) тамақ қалдықтары - тұрмыста, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында, сауда ұйымдарында немесе өнеркәсіптік өндірісте сақтау, өңдеу немесе өндіру кезінде қажетті қасиеттерін жоғалтуына байланысты тұтынуға жарамсыз болып қалған өнімдер;

7) пищевые отходы - продукты, ставшие непригодными для потребления из-за потери необходимых свойств при хранении, обработке или производстве в быту, организациях общепита, организациях торговли или в промышленном производстве;

8) «Қоқыс шығаратын ұйым» - тұрмыстық қалдықтарды мамандандырылған көлікпен шығаруды жүзеге асыратын ұйым;

8) «Мусоровывозящая организация» - организация, осуществляющая вывоз бытовых отходов специализированным транспортом;

9) «Құрылыс қоқысы» - ғимараттарды немесе құрылыстарды не жекелеген құрылымдық элементтерді бөлшектеу (демонтаждау) процесінде, сондай-ақ құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау кезінде түзілген қоқыс;

9) «Строительный мусор» - мусор, образовавшийся в процессе разборки (демонтажа) зданий или сооружений или отдельных конструкторских элементов, а также при выполнении строительно-монтажных и ремонтно-строительных работ;

10) Қалдықтарды иеленуші деп қалдықтарды түзуші немесе қалдықтар заңды иелігінде болатын кез келген тұлға түсініледі.

10) Под владельцем отходов понимается образователь отходов или любое лицо, в чьем законном владении находятся отходы.

11) Қалдықтарды түзуші деп қызметін жүзеге асыру процесінде қалдықтар түзілетін кез келген тұлға (қалдықтарды бастапқы түзуші) немесе осындай қалдықтардың қасиеттерінің не құрамының өзгеруіне әкелетін өңдеуді, араластыруды немесе өзге де операцияларды жүзеге асыратын кез келген тұлға (қалдықтарды қайталама түзуші) танылады. Қалдықтарды түзушілер өздері түзген қалдықтардың меншік иелері болып табылады.

11) Образователем отходов признается любое лицо, в процессе осуществления деятельности которого образуются отходы (первичный образователь отходов), или любое лицо, осуществляющее обработку, смешивание или иные операции, приводящие к изменению свойств таких отходов или их состава (вторичный образователь отходов). Образователи отходов являются собственниками произведенных ими отходов.

12) «Тариф» - Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген және тиісті Есеп айырысу кезеңінде қолданылатын, халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бағасы;

12) «Тариф» - утвержденная решением маслихата города Алматы цена для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов, действующая в соответствующий Расчетный период;

13) «ҚТҚ шығару» қызметі үшін Төлем мөлшері - қолданыстағы Тарифті негізге ала отырып, Шарттың 4.2-тармағына сәйкес айқындалатын Тұтынушының ай сайынғы төлемінің мөлшері. Төлем мөлшері Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген жаңа Тариф қолданысқа енгізілген күннен бастап Шартқа өзгерістер енгізілмей өзгереді;

13) «Размер оплаты услуги «Вывоз ТБО»» - размер ежемесячной платы Потребителя, определяемый в соответствии с пунктом 4.2 Договора исходя из действующего Тарифа. Размер оплаты изменяется с даты введения в действие нового Тарифа, утвержденного решением маслихата города Алматы, без внесения изменений в Договор;

14) «Контейнер алаңы (қоқыс жинағыш)» - тұрғын үйлерде/әкімшілік ғимараттарда (оның ішінде тұрғын емес үй-жайларда) орналасқан үй-жайлардың меншік иелерінің/жалдаушыларының қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауына арналған ортақ орын (қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесінің бөлігі).

14) «Контейнерная площадка (мусоросборник)» - общая точка для сбора твердых бытовых отходов собственниками/нанимателями помещений, расположенных в жилых домах/административных зданиях (в том числе нежилых помещениях) (часть централизованной системы сбора отходов).

15) «Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ)» - пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері құрған заңды тұлға;

15) «Объединение собственников имущества (ОСИ)» - юридическое лицо, образованное собственниками квартир и нежилых помещений;

16) «Жай серіктестік (ЖС)» - заңды тұлға құрмай, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелерінің тікелей бірлесіп басқаруы;

16) «Простое товарищество (ПТ)» - непосредственное совместное управление всеми собственниками квартир и нежилых помещений без образования юридического лица;

17) «Дербес шот» - Есеп айырысу агенті жүргізетін, әрбір тұрғын (тұрғын емес) үй-жай бойынша есепке алу жазбасы, онда Шарт бойынша есептеулер, төлемдер, қайта есептеулер, берілген жеңілдіктер және берешек көрсетіледі;

17) «Лицевой счет» - учетная запись по каждому жилому (нежилому) помещению, которая ведется Расчетным агентом и в которой отражаются начисления, платежи, перерасчеты, предоставленные льготы и задолженность по Договору;

18) «Есеп айырысу кезеңі» - Қызметтер үшін ақы есептелетін күнтізбелік ай;

18) «Расчетный период» - календарный месяц, за который производится начисление платы за Услуги;

19) «Есеп айырысу агенті» - Қызмет беруші тартатын, төлем құжаттарын (түбіртектерді) қалыптастыруды, жеткізуді және (немесе) Тұтынушылардан төлемдерді қабылдауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

19) «Расчетный агент» - привлекаемое Услугодателем юридическое лицо, осуществляющее формирование, доставку платежных документов (квитанций) и (или) прием платежей от Потребителей;

20) «Ресми жариялау көзі» - осы Шарт және оның барлық кейінгі редакциялары жарияланатын «Деловая неделя» газеті (баспа шығарылымы және оның Интернет желісіндегі электрондық нұсқасы);

20) «Официальный источник опубликования» - газета «Деловая неделя» (печатный выпуск и его электронная версия в сети Интернет), в которой публикуются настоящий Договор и все его последующие редакции;

21) «Қызмет берушінің байланыс арналары» - Қызмет берушіге тіркелген және Шарттың 10-бөлімінде, сондай-ақ төлем құжатында (түбіртекте) көрсетілген абоненттік бөлімнің мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы және мессенджер нөмірлері;

21) «Каналы связи Услугодателя» - адрес абонентского отдела, номера телефонов, адрес электронной почты и номера мессенджеров, зарегистрированные на Услугодателя и указанные в разделе 10 Договора, а также в платежном документе (квитанции);

22) «Қызмет көрсетілетін үй» - Қызмет беруші мен үйді басқару органы (мүлік иелерінің бірлестігі, жай серіктестік, басқарушы компания) арасында ҚТҚ шығаруға арналған шарт жасалған көппәтерлі тұрғын үй немесе өзге де объект;

22) «Обслуживаемый дом» - многоквартирный жилой дом или иной объект, в отношении которого между Услугодателем и органом управления домом (объединением собственников имущества, простым товариществом, управляющей компанией) заключен договор на вывоз ТБО;

1. Шарттың мәні

1. Предмет Договора

1.1. Шарттың талаптарына сәйкес Қызмет беруші Тұтынушыға ҚТҚ-ны жинақтауға арналған орындардан (Контейнер алаңы) жинау және оларды қалдықтарды сұрыптау (көму) объектісіне дейін тасымалдау жөніндегі қызметтерді (бұдан әрі - «Қызметтер») көрсетуге міндеттенеді, ал Тұтынушы осы қызметтерге уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге міндеттенеді.

1.1. Согласно условиям Договора Услугодатель обязуется оказывать Потребителю услуги по сбору ТБО из мест, отведенных для их накопления (Контейнерная площадка), и транспортировке ТБО до объекта сортировки (захоронения) отходов (далее - «Услуги»), а Потребитель обязуется оплачивать данные услуги своевременно и в полном объеме.

1.2. Қызмет беруші қоқыс шығаратын ұйым бола отырып, Тұтынушыға учаскелерде үйлерді басқару органдарымен: басқарушы компаниялармен және/немесе МИБ, ЖС және үйлерді басқарудың басқа да органдарымен жасалған ҚТҚ шығаруға арналған шарттар негізінде қызметтер көрсетеді.

1.2. Услугодатель, являясь мусоровывозящей организацией, оказывает услуги Потребителю на участках на основании договоров на вывоз ТБО, заключенных с органами управления домами: с управляющими компаниями и/или ОСИ, ПТ и другими органами управления домами.

1.3. Осы Шарт қосылу шарты болып табылады. Шарттың талаптарын Қызмет беруші Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес белгілейді және оларды Тұтынушы Шартқа тұтастай қосылу арқылы қабылдайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабы).

1.3. Данный Договор является Договором присоединения. Условия Договора устанавливаются Услугодателем самостоятельно в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан и принимаются Потребителем путем присоединения к Договору в целом (статья 389 Гражданского кодекса Республики Казахстан).

1.4. Қалдықтарды түзуші және олардың меншік иесі болып Тұтынушы танылады.

1.4. Образователем и собственником отходов признается Потребитель.

1.5. Қызмет беруші ҚТҚ-ны Контейнер алаңдарынан жинауды және оларды қалдықтарды сұрыптау (көму) объектісіне дейін тасымалдауды жүзеге асырады. ҚТҚ-ны сұрыптауды, өңдеуді, қалпына келтіруді және көмуді сұрыптау (көму) объектісінің операторы жүзеге асырады; осы операциялардың құны Тарифке енгізілген және оны Қызмет беруші осындай операторға төлейді. Қызмет берушінің осы қалдықтарға заттық құқықтары жоқ, қалдықтарға меншік құқығын осы қалдықтарды түзуші Қызмет берушіге бермейді.

1.5. Услугодатель осуществляет сбор ТБО с Контейнерных площадок и их транспортировку до объекта сортировки (захоронения) отходов. Сортировку, обработку, восстановление и захоронение ТБО осуществляет оператор объекта сортировки (захоронения); стоимость этих операций включена в Тариф и оплачивается Услугодателем такому оператору. Услугодатель не имеет вещных прав на данные отходы, право собственности на отходы образователем данных отходов Услугодателю не передается.

1.6. Осы Шарт бойынша Тұтынушылар болып табылмайтын үшінші тұлғалар - қалдықтарды түзушілер Қызмет берушіден кез келген қалдықтарды шығару жөніндегі қызметтерді ала алмайды және қалдықтарды белгіленбеген орынға тастайтын құқық бұзушыларға теңестіріледі.

1.6. Третьи лица, образователи отходов, не являющиеся Потребителями по данному Договору, не могут получать от Услугодателя услуги по вывозу любых отходов и приравниваются к правонарушителям, которые выбрасывают отходы в неустановленном месте.

2. Тұтынушының құқықтары мен міндеттері

2. Права и обязанности Потребителя

2.1. Тұтынушы құқылы:

2.1. Потребитель имеет право:

2.1.1. Үйді басқару органымен жасалған ҚТҚ шығаруға арналған шартта белгіленген ҚТҚ шығару кестесіне және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормативтердің талаптарына сәйкес ҚТҚ-ның уақтылы шығарылуына;

2.1.1. На своевременный вывоз ТБО в соответствии с графиком вывоза ТБО, установленным договором на вывоз ТБО с органом управления домом, и требованиями санитарно-эпидемиологических правил и нормативов, установленных законодательством Республики Казахстан;

2.1.2. Тарифтердің және Қызметтер үшін Төлем мөлшерінің қолданылуы туралы ақпарат алуға;

2.1.2. На получение информации о применении Тарифов и Размера оплаты Услуг;

2.1.3. Қызметтерді ұсынуда анықталған кемшіліктерді Қызмет берушінің Шартта белгіленген мерзімдерде жоюына (Шарттың 3.2.6-тармағы);

2.1.3. На устранение Услугодателем выявленных недостатков в предоставлении Услуг в установленные в Договоре сроки (пункт 3.2.6 Договора);

2.1.4. Шарттың 4.2 және 4.4-тармақтарында көзделген жағдайларда және тәртіппен Төлем мөлшерін қайта есептеуге;

2.1.4. На перерасчет Размера оплаты в случаях и в порядке, предусмотренных пунктами 4.2 и 4.4 Договора;

2.1.5. Шарттың қолданыстағы редакциясымен, қолданыстағы Тарифпен және ҚТҚ шығару кестесімен Қызмет берушінің абоненттік бөлімінде тегін танысуға, сондай-ақ осы мәліметтерді Қызмет берушінің байланыс арналары арқылы алуға;

2.1.5. На безвозмездное ознакомление с действующей редакцией Договора, действующим Тарифом и графиком вывоза ТБО в абонентском отделе Услугодателя, а также на получение этих сведений через Каналы связи Услугодателя;

2.2. Тұтынушы міндетті:

2.2. Потребитель обязан:

2.2.1. Қызмет берушінің ҚТҚ шығару жөніндегі қызметтеріне осы Шартта белгіленген мерзімдерде уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

2.2.1. Своевременно и в полном объеме, в установленные в настоящем Договоре сроки, оплачивать услуги Услугодателя по вывозу ТБО;

2.2.2. Өзінде түзілген қалдықтарды олар үшін белгіленген уақытша сақтау орындарына (контейнерлік шығару жүйесі кезінде) не өз ыдысында (сыйымдылығында) қоқыс жинайтын көлікке тиеудің арнайы бөлінген орындарына (ыдыссыз шығару жүйесі кезінде) орналастыруға;

2.2.2. Складировать образовавшиеся у него отходы в установленных для них местах временного хранения (при контейнерной системе удаления) либо в своей таре (емкости) в специально отведенных местах погрузки в мусорособирающий транспорт (при бестарной системе удаления);

2.2.3. Сұйық қалдықтарды төгуге, құрылыс қоқысын, топырақты, ірі габаритті қоқысты, металл сынықтарын, ағаш кесінділерін, жапырақтарды, бұтақтарды, биологиялық қалдықтарды, медициналық қалдықтарды, саудадан, қоғамдық тамақтандырудан және өнеркәсіптік өндірістен шыққан тамақ қалдықтарын контейнер алаңындағы қоқыс жинағыштарға немесе қоқыс жинағыштардың жанына (абаттандырылған тұрғын сектор үшін) не үйге іргелес аумаққа (жеке тұрғын сектор үшін) тастауға жол бермеуге;

2.2.3. Не допускать слива жидких отходов, выброса строительного мусора, грунта, крупногабаритного мусора, металлолома, спила деревьев, листвы, веток, биологических отходов, медицинских отходов, пищевых отходов торговли, общепита, промышленного производства в мусоросборники или рядом с мусоросборниками на контейнерной площадке (для благоустроенного жилого сектора) либо на придомовой территории (для частного жилого сектора);

2.2.4. Тұтынушы құрылыс қоқысын, топырақты, ірі габаритті қоқысты, металл сынықтарын, ағаш кесінділерін, жапырақтарды, бұтақтарды, қазандықтардан шыққан қожды, пештерден шыққан күлді, биологиялық қалдықтарды, медициналық қалдықтарды, саудадан, қоғамдық тамақтандырудан және өнеркәсіптік өндірістен шыққан тамақ қалдықтарын өз бетінше шығаруға міндетті; биологиялық қалдықтар мен медициналық қалдықтарды тек мамандандырылған ұйымдармен жасалған шарт бойынша ғана шығаруға міндетті;

2.2.4. Потребитель обязан самостоятельно вывозить строительный мусор, грунт, крупногабаритный мусор, металлолом, спил деревьев, листву, ветки, шлак от котельных, золу от печей, биологические отходы, медицинские отходы, пищевые отходы торговли, общепита, промышленного производства; Биологические отходы, медицинские отходы вывозить только по договору со специализированными организациями;

2.2.5. Немесе құрылыс қоқысын, топырақты, ірі габаритті қоқысты, металл сынықтарын, ағаш кесінділерін, жапырақтарды, бұтақтарды, қазандықтардан шыққан қожды, пештерден шыққан күлді шығарғаны үшін қоқыс шығаратын ұйымға онымен келісілген бағалар бойынша қосымша ақы төлеуге.

2.2.5. Либо дополнительно оплачивать мусоровывозящей организации за вывоз строительного мусора, грунта, крупногабаритного мусора, металлолома, спила деревьев, листвы, веток, шлака от котельных, золы от печей по договорным ценам с мусоровывозящей организацией.

2.2.6. ҚТҚ-ны және өзге де қалдықтарды ол үшін белгіленбеген орындарға (контейнер алаңдарынан басқа) орналастыруға, сондай-ақ оларды жерге көмуге, контейнерлерде, аулаларда және көшелерде өртеуге жол бермеуге;

2.2.6. Не допускать складирования ТБО и иных отходов в неустановленных для этого местах (кроме как на контейнерных площадках), а также их закапывания в землю, сжигания в контейнерах, во дворах и на улицах;

2.2.7. Тұрмыстық қалдықтарды ыдыссыз шығару әдісі кезінде ҚТҚ бар сыйымдылықтарды кесте бойынша шығарылатын күндері ғана, мамандандырылған техника келгенге дейін қоюға;

2.2.7. При бестарном методе вывоза бытовых отходов выставлять емкости с ТБО только в дни вывоза согласно графику до прибытия специализированной техники;

2.2.8. Сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қоқыс жинағыштарға және контейнер алаңдарының қоршауларына ұқыпты қарауға;

2.2.8. С целью обеспечения сохранности бережно относиться к мусоросборникам и ограждениям контейнерных площадок;

2.2.9. Жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару жөніндегі азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалған жағдайда, иеленіп отырған тұрғын үй-жайдан көшіп кеткенге дейін Қызмет берушімен толық есеп айырысуға. Үй-жайға меншік құқығы (пайдалану құқығы) ауысқанға дейін туындаған берешек тиісті Есеп айырысу кезеңінде үй-жайдың меншік иесі (жалдаушысы) болған тұлғаның берешегі ретінде сақталады және оны сол тұлға өтейді;

2.2.9. Произвести полный расчет с Услугодателем в случае совершения гражданско-правовых сделок по отчуждению недвижимости до выезда из занимаемого жилого помещения. Задолженность, образовавшаяся до перехода права собственности (права пользования) на помещение, сохраняется за лицом, которое являлось собственником (нанимателем) помещения в соответствующий Расчетный период, и погашается этим лицом;

2.2.10. Мамандандырылған техниканың контейнер алаңдарына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

2.2.10. Обеспечить беспрепятственный доступ специализированной техники к контейнерным площадкам;

2.2.11. «ҚТҚ шығару» қызметі үшін Төлем мөлшерін қайта есептеуге әкеп соғатын кез келген өзгерістер туралы, оның ішінде тұрғын үй-жайда (пәтерде, үйде және басқаларда) тұратын адамдар санының өзгеруі туралы ақпаратты уақтылы, бірақ тиісті өзгеріс болған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Қызмет берушіге беруге. Ақпарат Қызмет берушінің абоненттік бөліміне жазбаша түрде не Қызмет берушінің кез келген байланыс арнасы арқылы беріледі. Қызмет берушінің байланыс арналары арқылы келіп түскен хабарламаларды Тараптар жазбаша құжаттарға тең деп таниды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 152-бабы). Тұратын адамдар санын азайту туралы өтініш растайтын құжаттар қоса берілген жағдайда ғана қабылданады;

2.2.11. Своевременно, но не позднее 10 (десяти) рабочих дней с даты соответствующего изменения, предоставлять Услугодателю информацию о любых изменениях, влекущих перерасчет Размера оплаты услуги «Вывоз ТБО», в том числе в случае изменения количества человек, проживающих в жилом помещении (квартире, доме и др.). Информация предоставляется письменно в абонентском отделе Услугодателя либо через любой из Каналов связи Услугодателя. Сообщения, поступившие через Каналы связи Услугодателя, признаются Сторонами документами, равнозначными письменным (статья 152 Гражданского кодекса Республики Казахстан). Заявление об уменьшении количества проживающих принимается исключительно при приложении подтверждающих документов;

2.2.12. Пәтерлерде немесе көппәтерлі тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайларда үй жануарларын өсірген, сондай-ақ медициналық қызметтер көрсеткен, тамақ өнімдерін өндірген, сауда және қоғамдық тамақтандыру қызметін жүзеге асырған жағдайда, тамақ қалдықтарын шығаруға Қызмет берушімен және биологиялық, медициналық қалдықтарды кәдеге жаратуға мамандандырылған ұйыммен жеке шарттар жасасуға;

2.2.12. В случае разведения домашних животных в квартирах или нежилых помещениях в МЖД, а также оказания медицинских услуг, производства продуктов питания, торговли и общепита заключать отдельные договоры с Услугодателем на вывоз пищевых отходов и со специализированной организацией на утилизацию биологических, медицинских отходов;

2.2.13. Үй-жайға меншік құқығының (пайдалану құқығының) басқа тұлғаға ауысқаны туралы құқық ауысуы мемлекеттік тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін және Дербес шотты қайта ресімдеу үшін қажетті жаңа меншік иесі (жалдаушы) туралы мәліметтерді қоса бере отырып, Қызмет берушіге жазбаша хабарлауға. Қызмет беруші осындай хабарламаны алғанға дейін ақы Дербес шот бойынша бұрынғы меншік иесіне (жалдаушыға) есептеледі, ол осы ақыны төлеуге міндетті;

2.2.13. Письменно уведомить Услугодателя о переходе права собственности (права пользования) на помещение к другому лицу в течение 10 (десяти) рабочих дней с даты государственной регистрации перехода права, с приложением копии правоустанавливающего документа и сведений о новом собственнике (нанимателе), необходимых для переоформления Лицевого счета. До получения Услугодателем такого уведомления начисление платы производится по Лицевому счету на прежнего собственника (нанимателя), который несет обязанность по ее оплате;

2.2.14. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Шартта көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға.

2.2.14. Выполнять иные обязательства, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан и настоящим Договором.

2.2.15. ҚТҚ-ға коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдастарын (құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды, батареялар мен аккумуляторларды, лак-бояу материалдарын, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды және өзгелерін) араластыруға жол бермеуге, Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабының 6-тармағына сәйкес оларды бөлек жинауды және мамандандырылған ұйымдарға беруді жүзеге асыруға;

2.2.15. Не допускать смешивания с ТБО опасных компонентов коммунальных отходов (ртутьсодержащих ламп и приборов, батареек и аккумуляторов, лакокрасочных материалов, лекарственных средств с истекшим сроком годности и иных), осуществлять их раздельный сбор и передачу специализированным организациям в соответствии с пунктом 6 статьи 365 Экологического кодекса Республики Казахстан;

2.2.16. Төлем құжатын (түбіртекті) алмаған жағдайда есептелген ақы мөлшері туралы мәліметтерді Қызмет берушінің байланыс арналары арқылы өз бетінше алуға және төлемді мерзімінде жүргізуге.

2.2.16. Самостоятельно получать сведения о размере начисленной платы через Каналы связи Услугодателя и производить оплату в срок в случае неполучения платежного документа (квитанции).

3. Қызмет берушінің құқықтары мен міндеттері

3. Права и обязанности Услугодателя

3.1. Қызмет беруші құқылы:

3.1. Услугодатель имеет право:

3.1.1. Тұтынушыдан Қызметтер үшін ақыны уақтылы және толық көлемде алуға және төлем мерзімдері бұзылған жағдайда Шартта көзделген шараларды қолдануға;

3.1.1. Своевременно и в полном объеме получать от Потребителя оплату за Услуги и принимать меры, предусмотренные Договором, в случае нарушения сроков оплаты платежей;

3.1.2. Тұтынушы Шарт бойынша көрсетілген Қызметтер үшін ақы төлеу мерзімдерін бұзған кезде Қызмет беруші өзінің мүліктік мүдделерін қорғау үшін Тұтынушыдан берешек сомасын және есептелген айыппұл санкцияларын мәжбүрлеп өндіріп алу жолымен Қазақстан Республикасының сот органдарына жүгінуге құқылы;

3.1.2. При нарушении Потребителем сроков оплаты оказанных по Договору Услуг Услугодатель имеет право обратиться в судебные органы Республики Казахстан для защиты своих имущественных интересов путем принудительного взыскания с Потребителя суммы задолженности и начисленных штрафных санкций;

3.1.3. Шарттың 2.2.11-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталған жағдайда, сондай-ақ үй-жайда тіркелген адамдардың саны туралы мәліметтер алынған кезде Төлем мөлшерін қайта есептеуді жүргізуге;

3.1.3. Производить перерасчет Размера оплаты в случае выявления обстоятельств, указанных в пункте 2.2.11 Договора, а также при получении сведений о количестве лиц, зарегистрированных в помещении;

3.1.4. Төлем құжаттарын (түбіртектерді) қалыптастыру мен жеткізу және төлемдерді қабылдау үшін Есеп айырысу агентін, сондай-ақ берешекті сотқа дейінгі тәртіппен және сот тәртібімен өндіріп алу үшін үшінші тұлғаларды (заң компанияларын, коллекторлық агенттіктерді) осы мақсаттар үшін қажетті көлемде оларға Тұтынушының дербес деректерін бере отырып тартуға;

3.1.4. Привлекать Расчетного агента для формирования и доставки платежных документов (квитанций) и приема платежей, а также третьих лиц (юридические компании, коллекторские агентства) для досудебного и судебного взыскания задолженности, с передачей им персональных данных Потребителя в объеме, необходимом для этих целей;

3.1.5. Тұтынушыдан нақты тұратын адамдардың санын, үй-жайға меншік құқығын (пайдалану құқығын) және жеңілдіктер беру негіздерін растайтын құжаттарды талап етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 13-тарауында көзделген тәртіппен сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;

3.1.5. Требовать от Потребителя документы, подтверждающие количество фактически проживающих лиц, право собственности (пользования) на помещение и основания предоставления льгот, а также обращаться в суд с заявлением о вынесении судебного приказа в порядке главы 13 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан;

3.1.6. Шарттың 7.5-тармағында көзделген тәртіппен жаңа редакцияны жариялау жолымен Шартқа біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге.

3.1.6. В одностороннем порядке вносить изменения в Договор путем опубликования новой редакции в порядке, предусмотренном пунктом 7.5 Договора.

3.2. Қызмет беруші міндетті:

3.2. Услугодатель обязан:

3.2.1. Тұтынушыға қызметтерді толық көлемде және ҚТҚ шығару кестесіне сәйкес мерзімде көрсетуге;

3.2.1. Осуществлять услуги Потребителю в полном объеме и в срок согласно графику вывоза ТБО;

3.2.2. Контейнерлерден қоқыс тасығышқа түсіру кезінде шашылған қоқысты жинауға;

3.2.2. Производить уборку мусора, просыпавшегося при его выгрузке из контейнеров в мусоровоз;

3.2.3. Қозғалыс схемасы бар маршруттық кестелерді жасауға және өзгерген пайдалану жағдайларына сәйкес оларды түзетуге;

3.2.3. Составлять и корректировать маршрутные графики со схемой движения и в соответствии с изменившимися эксплуатационными условиями;

3.2.4. Контейнерлердің сақталуы мақсатында ҚТҚ тиеу кезінде жабдыққа ұқыпты қарауға;

3.2.4. С целью сохранности контейнеров бережно относиться к оборудованию во время загрузки ТБО;

3.2.5. Ақыны есептеу және төлем құжаттарын (түбіртектерді) қалыптастыру үшін қажетті мәліметтерді Есеп айырысу агентіне ағымдағы айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейінгі мерзімде беруді қамтамасыз етуге. Төлем құжатын (түбіртекті) Тұтынушыға жеткізу мерзімін Есеп айырысу агенті айқындайды; есептелген ақы мөлшері туралы мәліметтер Тұтынушыға оның өтініші бойынша Қызмет берушінің байланыс арналары арқылы беріледі;

3.2.5. Обеспечивать передачу Расчетному агенту сведений, необходимых для начисления платы и формирования платежных документов (квитанций), в срок до 25 (двадцать пятого) числа текущего месяца. Срок доставки платежного документа (квитанции) Потребителю определяется Расчетным агентом; сведения о размере начисленной платы предоставляются Потребителю по его обращению через Каналы связи Услугодателя;

3.2.6. Тұтынушының көрсетілетін Қызметтердің көлемі мен сапасына қатысты жазбаша наразылығын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарауға, ал ҚТҚ шығару кестесінің бұзылғаны расталған кезде - ҚТҚ-ны санитариялық-эпидемиологиялық талаптарда белгіленген мерзімдерде шығаруды қамтамасыз етуге;

3.2.6. Рассмотреть письменную претензию Потребителя к объему и качеству предоставляемых Услуг в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня ее получения, а при подтверждении факта нарушения графика вывоза ТБО - обеспечить вывоз ТБО в сроки, установленные санитарно-эпидемиологическими требованиями;

3.2.7. Қолданыстағы Тариф және Төлем мөлшері туралы ақпараттың қолжетімділігін оларды төлем құжатында (түбіртекте) көрсету, Қызмет берушінің байланыс арналары арқылы және Тұтынушының өтініші бойынша абоненттік бөлімде беру жолымен қамтамасыз етуге. Көрсетілген ақпаратты Қызмет көрсетілетін үйлердің ақпараттық стендтеріне орналастыру Қызмет берушінің міндеті емес, құқығы болып табылады және үйді басқару органымен келісім бойынша жүзеге асырылады. Тарифті Алматы қаласының мәслихаты өз шешімімен белгілейді және ол Тұтынушыға қосымша хабарлама жіберілуіне қарамастан, осындай шешімде айқындалған қолданысқа енгізілу күнінен бастап қолданылады;

3.2.7. Обеспечивать доступность информации о действующем Тарифе и Размере оплаты путем их указания в платежном документе (квитанции), предоставления по Каналам связи Услугодателя и по обращению Потребителя в абонентском отделе. Размещение указанной информации на информационных стендах Обслуживаемых домов является правом, а не обязанностью Услугодателя, и осуществляется по согласованию с органом управления домом. Тариф устанавливается решением маслихата города Алматы и применяется с даты введения его в действие, определенной таким решением, независимо от направления Потребителю дополнительного уведомления;

3.2.8. Тұтынушының дербес деректерін қорғау жөнінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қажетті шараларды қабылдауға. Шартқа қосыла отырып, Тұтынушы ақыны есептеу, төлем құжаттарын ұсыну және Шарт бойынша берешекті өндіріп алу үшін қажетті көлемде өзінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге және Есеп айырысу агентіне, берешекті өндіріп алу үшін тартылған тұлғаларға, сондай-ақ сотқа және атқарушылық іс жүргізу органдарына беруге келісім береді;

3.2.8. Принимать необходимые меры по защите персональных данных Потребителя в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 94-V ЗРК «О персональных данных и их защите». Присоединяясь к Договору, Потребитель дает согласие на сбор, обработку и передачу своих персональных данных Расчетному агенту, лицам, привлеченным для взыскания задолженности, а также в суд и органы исполнительного производства - в объеме, необходимом для начисления платы, выставления платежных документов и взыскания задолженности по Договору;

3.2.9. ҚТҚ уақтылы шығарылмаған жағдайда қоқысты жинап алуға;

3.2.9. В случае несвоевременного вывоза ТБО производить подборку мусора;

3.2.10. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Шартта көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға.

3.2.10. Выполнять иные обязательства, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан и настоящим Договором.

4. Есеп айырысу тәртібі мен талаптары

4. Порядок и условия расчетов

4.1. Қызмет үшін Төлем мөлшері жергілікті өкілді орган (Алматы қаласының мәслихаты) белгілеген Тарифтің өзгеруіне сәйкес белгіленеді және өзгереді. Қызмет беруші Тарифті өз бетінше белгілеуге немесе өзгертуге құқылы емес. Тарифтің өзгеруі Шарттың өзгеруі болып табылмайды және Шарттың жаңа редакциясын жариялауды талап етпейді.

4.1. Размер оплаты Услуги устанавливается и изменяется в соответствии с изменениями Тарифа, установленного местным представительным органом (маслихатом города Алматы). Услугодатель не вправе самостоятельно устанавливать или изменять Тариф. Изменение Тарифа не является изменением Договора и не требует опубликования новой редакции Договора.

4.2. Көрсетілген Қызмет үшін ақы үй-жайда (пәтерде, үйде) нақты тұратын адамдардың санын негізге ала отырып, не үй-жайда тіркелген адамдардың санын негізге ала отырып (ішкі істер органдарының немесе жергілікті атқарушы органның деректері бойынша үй-жайда тұратын адамдардың көбірек саны тіркелген жағдайда), айына бір адамға ҚТҚ шығару үшін Төлем мөлшеріне сәйкес төленеді. Дербес шот бойынша есепке алынатын адамдардың саны Шарттың 2.2.11-тармағында көзделген тәртіппен Тұтынушы берген мәліметтердің негізінде айқындалады. Тұтынушы мұндай мәліметтерді бермеген кезде есептеу уәкілетті мемлекеттік органдардың деректері бойынша үй-жайда тіркелген адамдардың саны бойынша, ал мұндай деректер болмаған кезде - үй-жайға кемінде бір адам есебінен жүргізіледі. Қызмет беруші үй-жайда бұрын нақты тұру туралы деректер бойынша белгіленгеннен көп адам тіркелгені фактісін анықтаған жағдайда, Қызмет беруші Қызметтер үшін ақыны тіркелген адамдардың саны бойынша қайта есептеуді жүзеге асырады. Қайта есептеу ол жүргізілетін айдың алдындағы 3 (үш) Есеп айырысу кезеңінен аспайтын мерзімге жүргізіледі. Төлем мөлшерін азайта отырып қайта есептеу Тұтынушы Шарттың 2.2.11-тармағында белгіленген хабарлау мерзімін сақтаған жағдайда өзгеріс болған күннен бастап жүргізіледі; бұл мерзім бұзылған кезде өтініш берілген айдың алдындағы кезеңдер үшін қайта есептеу жүргізілмейді.

4.2. Оплата за оказанную Услугу производится из расчета количества фактически проживающих в помещении (квартира, дом) лиц, либо из расчета количества зарегистрированных в помещении лиц (в случае если по данным органов внутренних дел или местного исполнительного органа в помещении зарегистрировано большее количество проживающих лиц), в соответствии с Размером оплаты за вывоз ТБО на одного человека в месяц. Количество лиц, учитываемых по Лицевому счету, определяется на основании сведений, предоставленных Потребителем в порядке пункта 2.2.11 Договора. При непредоставлении Потребителем таких сведений начисление производится по количеству лиц, зарегистрированных в помещении по данным уполномоченных государственных органов, а при отсутствии таких данных - из расчета не менее одного человека на помещение. В случае выявления Услугодателем факта регистрации в помещении большего количества лиц, чем было установлено ранее по данным о фактическом проживании, Услугодатель осуществляет перерасчет платы за Услуги по количеству зарегистрированных лиц. Перерасчет производится не более чем за 3 (три) Расчетных периода, предшествующих месяцу его проведения. Перерасчет в сторону уменьшения производится с даты изменения при условии соблюдения Потребителем срока уведомления, установленного пунктом 2.2.11 Договора; при нарушении этого срока перерасчет за периоды, предшествующие месяцу подачи заявления, не производится.

4.3. ҚТҚ шығару үшін ақы есеп айырысу айынан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, Қызмет беруші өз бетінше не өзі тартқан Есеп айырысу агенті арқылы ұсынған төлем құжаттары (түбіртектер) бойынша төленеді. Тұтынушының төлем құжатын (түбіртекті) алмауы оны Қызметтерге белгіленген мерзімде ақы төлеу міндетінен босатпайды.

4.3. Оплата за вывоз ТБО производится не позднее 25 числа месяца, следующего за расчетным месяцем по платежным документам (квитанциям), выставленным Услугодателем самостоятельно либо через привлеченного им Расчетного агента. Неполучение Потребителем платежного документа (квитанции) не освобождает его от обязанности оплатить Услуги в установленный срок.

4.4. Тұтынушы және/немесе онымен бірге тұратын адамдар уақытша болмаған жағдайда, өтініш пен растайтын құжат берілген кезде, оның/олардың болмаған уақыты үшін Қызметтер ақысы алынбайды. Қайта есептеу уақытша болмау ұзақтығы қатарынан кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күнді құраған жағдайда және өтініш берілген айдың алдындағы 3 (үш) Есеп айырысу кезеңінен аспайтын мерзімге жүргізіледі. Төлемді қайта есептеуге әкеп соққан барлық өзгерістер Тұтынушының өтініші негізінде жүзеге асырылады.

4.4. В случае временного отсутствия Потребителя и/или лиц, совместно проживающих с ним, оплата за Услуги за время его/их отсутствия не взимается при условии подачи заявления и подтверждающего документа. Перерасчет производится при временном отсутствии продолжительностью не менее 30 (тридцати) календарных дней подряд и не более чем за 3 (три) Расчетных периода, предшествующих месяцу подачи заявления. Все изменения, приведшие к перерасчету оплаты, осуществляются на основании заявления Потребителя.

4.5. Қызметтерге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Алматы қаласы мәслихатының шешімінде белгіленген санаттарға жататын адамдарға, соларда белгіленген мөлшерде, Тұтынушының жазбаша өтініші және тиісті санатқа жататынын растайтын құжаттар негізінде беріледі. Жеңілдік есеп айырысу кезінде Тұтынушының осындай өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгінген күнінен бастап қолданылады; жүгінудің алдындағы Есеп айырысу кезеңдері үшін қайта есептеу жүргізілмейді. Жеңілдік беру негізі жойылған кезде Тұтынушы негіз жойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қызмет берушіге жазбаша хабарлауға міндетті; жеңілдік осы күннен бастап тоқтатылады, ал жеңілдік негізсіз қолданылған кезең үшін Қызметтер ақысы толық мөлшерде қосымша есептелуге жатады.

4.5. Льготы по оплате Услуг предоставляются категориям лиц и в размерах, установленных законодательством Республики Казахстан и решением маслихата города Алматы, на основании письменного заявления Потребителя и документов, подтверждающих принадлежность к соответствующей категории. Льгота применяется при расчетах со дня обращения Потребителя с таким заявлением и подтверждающими документами; за Расчетные периоды, предшествующие обращению, перерасчет не производится. При утрате основания для предоставления льготы Потребитель обязан письменно уведомить Услугодателя в течение 10 (десяти) рабочих дней с даты утраты основания; льгота прекращается с этой даты, а плата за Услуги подлежит доначислению в полном размере за период, в течение которого льгота применялась без основания.

4.6. Түскен төлемдер Тұтынушы көрсеткен төлемнің мақсатына қарамастан, ең ерте төленбеген Есеп айырысу кезеңдері бойынша берешекті өтеу есебіне, содан кейін есептелген өсімпұлды өтеу есебіне жатқызылады.

4.6. Поступившие платежи засчитываются в счет погашения задолженности за наиболее ранние неоплаченные Расчетные периоды, затем в счет начисленной пени, независимо от назначения платежа, указанного Потребителем.

4.7. Төлем екінші деңгейдегі банктердің кассалары мен электрондық сервистері, төлем жүйелері және төлем құжатында (түбіртекте) көрсетілген өзге де тәсілдер арқылы жүргізіледі. Тұтынушының ақы төлеу жөніндегі міндеттемесі ақша Қызмет берушінің немесе Есеп айырысу агентінің шотына түскен сәттен бастап орындалды деп есептеледі.

4.7. Оплата производится через кассы и электронные сервисы банков второго уровня, платежные системы и иные способы, указанные в платежном документе (квитанции). Обязательство Потребителя по оплате считается исполненным с момента зачисления денежных средств на счет Услугодателя или Расчетного агента.

5. Тараптардың жауаптылығы

5. Ответственность сторон

5.1. Қызмет беруші мен Тұтынушы өздерінің шарттық міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5.1. Услугодатель и Потребитель несут ответственность за неисполнение или ненадлежащее исполнение своих договорных обязательств в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

5.2. Қызметтер үшін ақы уақтылы төленбеген кезде Тұтынушы Қызмет берушіге өсімпұл төлейді. ҚТҚ шығару қызметі бойынша төленбеген есептелген сомаға өсімпұл есеп айырысу айынан кейінгі айдың 26-күнінен бастап, төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін Қызмет үшін есептелген соманың 0,1 %-ы мөлшерінде, бірақ өсімпұл есептелген берешек сомасының 10 %-ынан (он пайызынан) аспайтын мөлшерде есептеледі.

5.2. При несвоевременной оплате Услуг Потребитель уплачивает Услугодателю пеню. За неоплаченную начисленную сумму услуги за вывоз ТБО начисление пени производится с 26 числа месяца, следующего за расчетным месяцем, в размере 0,1 % от начисленной суммы Услуги за каждый день просрочки, но не более 10 % (десяти процентов) от суммы задолженности, на которую начислена пеня.

5.3. Өсімпұл есептелген кезде есеп айырысу айында жүргізілген барлық төлемдер мен түзетулер ескеріледі.

5.3. При начислении пени учитываются все платежи и корректировки, произведенные в расчетном месяце.

5.4. Айыппұл санкцияларын төлеу Тараптарды осы Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

5.4. Уплата штрафных санкций не освобождает Стороны от исполнения принятых на себя обязательств по настоящему Договору.

5.5. Тұтынушы қалдықтарды орналастыру кезінде қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын өзі бұзғаны үшін, оның ішінде ҚТҚ-ға Шарттың 2.2.3 және 2.2.15-тармақтарында көрсетілген қалдықтарды араластырғаны үшін дербес жауапты болады.

5.5. Потребитель самостоятельно несет ответственность за нарушение требований законодательства Республики Казахстан в области обращения с отходами, допущенное им при складировании отходов, в том числе за смешивание с ТБО отходов, указанных в пунктах 2.2.3 и 2.2.15 Договора.

6. Дауларды қарау тәртібі

6. Порядок рассмотрения споров

6.1. Шарт бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды сотқа дейін реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттенеді. Наразылықтар мен хабарламаларды Тарап Қызметтер көрсетілетін үй-жайдың мекенжайы бойынша не Қызмет берушінің байланыс арналары арқылы жібереді. Наразылық алынған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қаралады. Тарап хабарламаны алудан жалтарған жағдайда да хабарлама жеткізілді деп есептеледі.

6.1. В случае возникновения споров по Договору Стороны обязуются принять все необходимые меры для их досудебного урегулирования. Претензии и уведомления направляются Стороной по адресу помещения, в отношении которого оказываются Услуги, либо через Каналы связи Услугодателя. Претензия рассматривается в течение 15 (пятнадцати) календарных дней со дня получения. Уведомление считается доставленным и в том случае, если Сторона уклонилась от его получения.

6.2. Туындаған даулар бойынша келісімге қол жеткізілмеген кезде олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотта қаралуға жатады. Бұл ретте Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы соттық даулар Қызметтер көрсетілетін Тұтынушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша (Шарт жасалған және орындалатын жер бойынша) қаралуға жатады. Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы талаптарды Қызмет беруші бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қоюы мүмкін (Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 13-тарауы).

6.2. При недостижении согласия по возникшим спорам они подлежат рассмотрению в суде в установленном законодательством Республики Казахстан порядке. При этом, судебные споры о взыскании задолженности по Договору подлежат рассмотрению по месту нахождения объекта недвижимого имущества Потребителя, по которому оказываются Услуги (по месту заключения и исполнения Договора). Требования о взыскании задолженности по Договору могут предъявляться Услугодателем в порядке приказного производства (глава 13 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан).

6.3. Шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ережелеріне, Алматы қаласының аумағын абаттандырудың қолданыстағы қағидаларына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаралады.

6.3. Вопросы, не урегулированные Договором, рассматриваются в соответствии с положениями Гражданского кодекса Республики Казахстан, действующими Правилами благоустройства территории города Алматы и другими нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

7. Шартты жасасу, өзгерту тәртібі және қолданылу мерзімі

7. Порядок заключения, изменения и срок действия Договора

7.1. Шарт ресми жариялау көзінде жарияланған күннен бастап күшіне енеді және оның күші жойылғанға не ол жаңа редакциямен ауыстырылғанға дейін қолданылады. Шарт ол жарияланған күнге Қызметтер көрсетілген Тұтынушыларға да, осы күннен кейін Қызметтерді пайдалануға кіріскен Тұтынушыларға да қолданылады.

7.1. Договор вступает в силу со дня его опубликования в официальном источнике опубликования и действует до его отмены либо замены новой редакцией. Договор применяется как к Потребителям, которым Услуги оказывались на дату его опубликования, так и к Потребителям, приступившим к пользованию Услугами после этой даты.

7.2. Осы жария шарттың акцепті және Шарттың жасалуы деп Тұтынушының мынадай әрекеттердің кез келгенін жасауы танылады: 1) төлем фактісіне қарамастан, Қызмет көрсетілетін үйдің контейнер алаңына қалдықтарды орналастыру (жинақтау); 2) төлем құжатын (түбіртекті) толық немесе ішінара төлеу; 3) Қызмет берушіге немесе Есеп айырысу агентіне ақы есептеу мәселелері бойынша, оның ішінде Дербес шотты ашу немесе қайта ресімдеу, қайта есептеу не жеңілдік беру туралы өтінішпен жүгіну; 4) Қызмет беруші мен үйді басқару органы арасында ҚТҚ шығаруға арналған шарт болған кезде Қызмет көрсетілетін үйде нақты тұру (үй-жайды пайдалану).

7.2. Акцептом настоящего публичного договора и заключением Договора признается совершение Потребителем любого из следующих действий: 1) размещение (складирование) отходов на контейнерной площадке Обслуживаемого дома, независимо от факта оплаты; 2) оплата платежного документа (квитанции) полностью или частично; 3) обращение к Услугодателю или Расчетному агенту с заявлением по вопросам начисления платы, в том числе об открытии или переоформлении Лицевого счета, о перерасчете либо о предоставлении льготы; 4) фактическое проживание (пользование помещением) в Обслуживаемом доме при наличии договора на вывоз ТБО между Услугодателем и органом управления домом.

7.3. Шарт Тұтынушы Шарттың 7.2-тармағында көрсетілген әрекеттердің кез келгенін жасаған Есеп айырысу кезеңінің бірінші күнінен бастап жасалды деп есептеледі.

7.3. Договор считается заключенным с первого числа Расчетного периода, в котором Потребителем совершено любое из действий, указанных в пункте 7.2 Договора.

7.4. Шарт белгіленбеген мерзімге жасалды деп есептеледі.

7.4. Договор считается заключенным на неопределенный срок.

7.5. Қызмет беруші Шартты біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Шарттың жаңа редакциясы Ресми жариялау көзінде жеке жарияланым түрінде жарияланады және онда неғұрлым кеш мерзім көрсетілмесе, жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. Жаңа редакция күшіне енгеннен кейін Қызметтерді пайдалануды жалғастыру Тұтынушының оның талаптарымен келіскенін білдіреді. Жаңа редакциямен келіспейтін Тұтынушы Шарттың 7.6-тармағында көзделген тәртіппен Шарттан бас тартуға құқылы.

7.5. Услугодатель вправе в одностороннем порядке изменять Договор. Новая редакция Договора публикуется в Официальном источнике опубликования отдельной публикацией и вступает в силу по истечении 10 (десяти) календарных дней со дня опубликования, если в ней не указан более поздний срок. Продолжение пользования Услугами после вступления новой редакции в силу означает согласие Потребителя с ее условиями. Потребитель, не согласный с новой редакцией, вправе отказаться от Договора в порядке пункта 7.6 Договора.

7.6. Тұтынушы үй-жайға меншік құқығы (пайдалану құқығы) тоқтатылған жағдайда Шарттан бас тартуға құқылы. Шарттан бас тарту Тұтынушыны ол тоқтатылған күнге дейін көрсетілген Қызметтерге ақы төлеу міндетінен босатпайды.

7.6. Потребитель вправе отказаться от Договора при условии прекращения права собственности (пользования) на помещение. Отказ от Договора не освобождает Потребителя от обязанности оплатить Услуги, оказанные до даты его прекращения.

8. Форс-мажор жағдайлары

8. Обстоятельства форс-мажора

8.1. Тараптар Шарт жасалғаннан кейін туындаған және Тараптардың оларды ақылға қонымды түрде алдын ала болжауға және болдырмауға мүмкіндігі болмаған бой бермейтін күштің сыртқы төтенше мән-жайларының (дүлей құбылыстар, апаттар, төтенше жағдай режимін енгізу, техногендік жағдайлар, әскери іс-қимылдар, Шарттың орындалуына тыйым салатын немесе кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың актілері, бұдан әрі - «Форс-мажор») салдарынан Шарт бойынша өз міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады. Тарапта ақшаның, отынның, көліктің немесе персоналдың болмауы, сондай-ақ Тарап контрагенттерінің міндеттемелерді бұзуы бой бермейтін күштің мән-жайларына жатпайды.

8.1. Стороны освобождаются от ответственности за неисполнение либо ненадлежащее исполнение своих обязанностей по Договору вследствие действия внешних чрезвычайных обстоятельств непреодолимой силы (стихийные явления, катастрофы, введение режима чрезвычайного положения, техногенные ситуации, военные действия, акты государственных органов, запрещающие или препятствующие исполнению Договора, далее - «Форс-мажор»), которые возникли после заключения Договора и которые Стороны не могли разумно предвидеть и предотвратить. К обстоятельствам непреодолимой силы не относятся отсутствие у Стороны денежных средств, топлива, транспорта или персонала, а также нарушение обязательств контрагентами Стороны.

8.2. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Тараптар, Форс-мажор жағдайларының әсеріне ұшыраған Тарап кейіннен осы жағдайлардың туындағанын растайтын дәлелдемелерді ұсынған жағдайда, шарттық міндеттемелердің сақталмағаны үшін материалдық жауаптылықтан босатылады. Қызмет беруші осы жағдайлардың әсері тоқтаған кезде Шарт талаптарын орындауды қайта бастауға құқылы.

8.2. При наступлении обстоятельств Форс-мажора Стороны освобождаются от материальной ответственности за несоблюдение договорных обязательств при условии, что Сторона, подвергшаяся действию обстоятельств Форс-мажора, впоследствии представит доказательства наступления данных обстоятельств. Услугодатель имеет право возобновить выполнение условий Договора при прекращении действия этих обстоятельств.

8.3. Форс-мажор жағдайлары Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы тарапынан не тыйым салынбаған кез келген тәсілмен куәландырылуы мүмкін.

8.3. Обстоятельства Форс-мажора могут быть засвидетельствованы Торгово-промышленной палатой Республики Казахстан, либо любым не запрещенным способом.

8.4. ҚТҚ-ны белгіленген кесте бойынша шығаруға объективті түрде кедергі келтіретін мән-жайлар (оның ішінде отынмен жабдықтаудағы іркілістер, мамандандырылған техниканың істен шығуы, көлік қозғалысының шектелуі, қолайсыз ауа райы жағдайлары) туындаған кезде Қызмет беруші үйді басқару органына хабарлай отырып және ақпаратты Қызмет берушінің байланыс арналары арқылы орналастыра отырып, ҚТҚ шығару кестесін уақытша өзгертуге құқылы. Кестенің уақытша өзгертілуі, ҚТҚ шығару санитариялық-эпидемиологиялық талаптарда белгіленген мерзімдерде қамтамасыз етілген жағдайда, Шарттың бұзылуы болып табылмайды және қайта есептеуге әкеп соқпайды.

8.4. При возникновении обстоятельств, объективно препятствующих вывозу ТБО по установленному графику (в том числе перебои в снабжении топливом, выход из строя специализированной техники, ограничение движения транспорта, неблагоприятные погодные условия), Услугодатель вправе временно изменить график вывоза ТБО, уведомив об этом орган управления домом и разместив информацию через Каналы связи Услугодателя. Временное изменение графика не является нарушением Договора и не влечет перерасчета при условии, что вывоз ТБО обеспечен в сроки, установленные санитарно-эпидемиологическими требованиями.

9. Ерекше талаптар

9. Особые условия

9.1. Тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін жария шарттар негізінде пайдалануға және қызметтерге жергілікті өкілді орган бекіткен тарифтер бойынша ақы төлеуге міндетті (Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 367-бабының 3-тармағы). Қызмет көрсетілетін үйде Қызметтерді Қызмет беруші үйді басқару органымен (мүлік иелерінің бірлестігімен, жай серіктестікпен, басқарушы компаниямен) жасалған ҚТҚ шығаруға арналған шарт негізінде көрсетеді; үйді басқару органы үй-жайлардың меншік иелері мен жалдаушыларының мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді. Тыныс-тіршілік процесінде қалдықтардың түзілуі және Қызмет көрсетілетін үйдің Контейнер алаңын пайдалану Тұтынушының Шартқа қол қоюына қарамастан Қызметтерге ақы төлеу міндетін туындатады.

9.1. Физические лица, проживающие в жилых домах, обязаны пользоваться централизованной системой сбора твердых бытовых отходов на основании публичных договоров и оплачивать услуги по тарифам, утвержденным местным представительным органом (пункт 3 статьи 367 Экологического кодекса Республики Казахстан). Услуги в Обслуживаемом доме оказываются Услугодателем на основании договора на вывоз ТБО с органом управления домом (объединением собственников имущества, простым товариществом, управляющей компанией), действующим в интересах собственников и нанимателей помещений в пределах полномочий, предоставленных ему законодательством Республики Казахстан. Образование отходов в процессе жизнедеятельности и пользование Контейнерной площадкой Обслуживаемого дома влекут обязанность Потребителя оплачивать Услуги независимо от подписания Договора.

9.2. Осы Шарттың күшіне енуі Тараптарды ол қабылданғанға дейін туындаған өзара міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

9.2. Вступление в силу настоящего Договора не освобождает Стороны от исполнения взаимных обязательств, возникших до его принятия.

9.3. Осы Шартты және оның барлық кейінгі редакцияларын ресми жариялау көзі «Деловая неделя» газеті (баспа шығарылымы және оның Интернет желісіндегі электрондық нұсқасы) болып табылады. Шарттың қолданыстағы редакциясының данасы, қолданыстағы Тариф және ҚТҚ шығару кестесі Тұтынушыға танысу үшін Қызмет берушінің абоненттік бөлімінің мекенжайы бойынша беріледі.

9.3. Официальным источником опубликования настоящего Договора и всех последующих его редакций является газета «Деловая неделя» (печатный выпуск и его электронная версия в сети Интернет). Экземпляр действующей редакции Договора, действующий Тариф и график вывоза ТБО предоставляются Потребителю для ознакомления по адресу абонентского отдела Услугодателя.

9.4. Шарт қазақ және орыс тілдерінде жасалған. Шарттың қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің заң күші бірдей.

9.4. Договор составлен на казахском и русском языках. Тексты Договора на казахском и русском языках имеют одинаковую юридическую силу.

9.5. Шарттың осы редакциясы күшіне енген сәттен бастап «Деловая неделя» газетінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 37 (1533) санында жарияланған, жеке тұлғалар үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жөнінде қызметтер көрсетуге арналған Жария шарт редакциясының күші жойылды деп танылады.

9.5. С момента вступления в силу настоящей редакции Договора признается утратившей силу редакция Публичного договора на оказание услуг по вывозу твердо-бытовых отходов для физических лиц, опубликованная в газете «Деловая неделя» № 37 (1533) от 17 октября 2023 года.

9.6. Шарттың жекелеген ережелерінің жарамсыз деп танылуы Шарттың тұтастай жарамсыздығына әкеп соқпайды; мұндай ережелер Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті нормаларымен ауыстырылады.

9.6. Признание отдельных положений Договора недействительными не влечет недействительности Договора в целом; такие положения заменяются соответствующими нормами законодательства Республики Казахстан.

10. Қызмет берушінің деректемелері

10. Реквизиты Услугодателя

«Зелёный Город KZ» ЖК атынан Лесковская Диана Александровна

ИП «Зелёный Город KZ», в лице Лесковской Дианы Александровны

Абоненттік бөлімнің мекенжайы: Көкмайса ықшамауданы, 26/2

Адрес абонентского отдела: мкр. Кокмайса 26/2

ЖСН 970718400060

ИИН 970718400060

ЖСК KZ798562204127962665

ИИК KZ798562204127962665

«Банк ЦентрКредит» АҚ, Алматы қалалық филиалы

АО «Банк ЦентрКредит», Алматинский городской филиал

БСК KCJBKZKX

БИК KCJBKZKX

БеК 19

Кбе 19

Жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы хабарлама № KZ91UWQ05418136

Уведомление о начале деятельности в качестве индивидуального предпринимателя № KZ91UWQ05418136

Ұсынылған күні 2023 жылғы 1 қыркүйек

Дата подачи 1 сентября 2023 года

Абоненттік бөлімнің телефоны: + 7 (771) 413 35 34

Телефон абонентского отдела: + 7 (771) 413 35 34

Электрондық пошта: vyvoz.tbo.almaty@gmail.com

Электронная почта: vyvoz.tbo.almaty@gmail.com

Қызмет берушіге тіркелген мессенджер нөмірлері (WhatsApp, Telegram): + 7 (771) 413 35 34

Номера мессенджеров (WhatsApp, Telegram), зарегистрированные на Услугодателя: + 7 (771) 413 35 34

Абоненттік бөлімнің жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма, сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін

График работы абонентского отдела: понедельник – пятница с 10:00 до 16:00


 



Если Вам понравилась статья, то пожалуйста, поделитесь с друзьями в социальных сетях:
Комментарии
Загрузка комментариев...